Алматы облысының полицейлері жалған ұтыс ойынын ұйымдастырушыларды ұстады. Олар Астанадан келген 2003 және 2005 жылы туған екі жас жігіт. Тергеу барысында анықталғандай, олар азаматтарға қоңырау шалып, тұрмыстық техника, косметика және басқа да тұтыну тауарларын сатып алса, «Hyundai Accent» маркалы жаңа автокөліктің иегері болудың мүмкіндігі бар екенін айтқан.
«Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі «Алдын ала сөз байласып адамдар тобы жасаған аса ірі алаяқтық» бойынша жүргізіледі», — деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
«Лотерея билеті» иелеріне келтірілген залалдың алдын ала сомасы 15 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта олардың жеке басы, басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының тергеушілеріне тапсырылды. Қылмыстық істерді тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департаментінің бақылауына алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram