Биылғы сырқы талдау нәтижесінде ұстаздардың біліктілік категориясын арттыру бағытында коррупциялық тәуекелдер анықталды.
«Мысалы, Ұлттық тестілеу орталығының тестінен өткеннен кейін біліктілік категориясын мұғалімдерге беру туралы соңғы шешімді аудандағы білім бөлімдерінің басшылары қабылдайды. Алайда, білім бөлімдерінің ақпараты Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратымен сәйкес келмейді», — деді Нұрсұлтан Бекинов.
Осылайша, Еңбекшіқазақ ауданында 830 мұғалім категория алған. Бірақ, оның 291-інің ақпараты ҰТО базасында жоқ. Яғни, олар тест тапсырмаған. Балқаш ауданында 64 ұстаз анықталды. 2020-2023 жылдары жалған категория иеленгендерге 431 млн теңге төленген.