Алматы облысында 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын жайылымнан 14 жылқының жоғалғанын хабарлап, жалпы шығын көлемі 12 миллион теңге деп мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Даниярдың айтуынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті тез арада анықталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
Күдікті ұрланған жылқылардың бір бөлігін сатып үлгерген, ал қалған жылқылар иесіне қайтарылды. Ұрланған малды сатып алушыларға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті қамауға алынып, оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр.