Өңір басшысы атап өткендей, Алматы облысы республиканың аграрлық өңірлеріне жатады. Сол себепті «Жайылымдар туралы» заңның талаптарын орындау мәселесі облыс үшін маңызды мәселелердің бірі.
Өңірде 3,5 млн-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар, оның 1,3 млн-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда. Облыстың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдардың жалпы ауданы 3,7 млн. гектар.
«Қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларының санын ескере отырып, жеке аулаларда 1 млн 407,2 мың гектар жайылымдық алқапқа тапшылық бар», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.
Ол 2022 жылы жалпы ауданы 112 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылғанын, сондай-ақ елді мекендерге ерікті негізде қайтарылған, ауданы 585 мың гектар қосымша жайылымдар бекітілгенін, бұдан басқа, қосымша 979,5 мың гектар бос жер, 429,4 мың гектар орман қоры жері бар екенін хабарлады.
Қабылданған шараларды ескере отырып, Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласының жайылымдары халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандырды. Қарасай, Іле және Талғар аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ, Марат Сұлтанғазиев хабарлағандай, ауыл шаруашылығы жануарларын жеке аулаларда жаю үшін жайылымдық жерлерге халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында аудан әкімдіктері мен Қонаев мемлекеттік мұқтаждық үшін ауданы 78,2 мың гектар жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысының пайдаланылмаған жайылымдық жерлерді қайтару туралы тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару департаменті 285,5 мың гектар жайылымдық жерлерді пайдаланбауына байланысты мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деп атап өтті әкім.