Бұл нысанның жобалық-сметалық құжаты жасалмаған, сондай-ақ нысанға авторлық және техникалық бақылау жүргізілмеген әрі серіктестік құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанын тиісті органдарға жеткізбеген.
ҚР ӘҚБтК-нің 316, 321,463 баптарына сәйкес компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, басқарма Алматы облысының мамандандырылған экономикалық сотына нысанды сүру туралы арыз жазған. Сот басқарманың пайдасына үкім кесіп, бүгін зауыт сүрілді. Ал компания мамандарының сотқа берген аппеляциясы қанағаттандырылмады.