«Өңірдің табиғатты қорғау бойынша мамандандырылған прокуратурасы полиция департаментімен бірлесіп, пайдалы қазба қоры бар жерлерге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде заңсыз кен өндірген 3 карьердің қызметі тоқтатылды», — дейді баспасөз хатшысы Мақсат Абиров.
Оның мәліметінше, рұқсатсыз кен өндіргендердің келтірген залалы 1 млрд теңгеден асқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «жер қойнауын өз бетінше пайдалану туралы» бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Айта кетейік, мониторинг тобының жұмысы жалғасады.