«Жүргізілген іс-шаралар барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 9 фактісі анықталды», — деді «Балқаш-Алакөл» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Кумашев.
Оның айтуынша, рейдтің нәтижесінде 1 іс процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданданды. Сонымен қатар заңсыз балық аулағаны үшін 8 әкімшілік іс қозғалып, 36 келі балық тәркіленді.
«Алдын ала есепке сәйкес балық ресурстарына келтірілген залал 257 015 теңгені құрады», — деді Ринат Кумашев.