Алматы облысының полициясы «адам зорлады» деген күдікпен ұсталған азаматтың уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты ресми үндеу жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Алматы облысы полиция департаменті 1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу жариялады. Егер сіз осы адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияға келесі нөмірлер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102,» – делінген ресми хабарламада.