Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында Ұлы Жеңіс күні атап өтілді

Қонаевта 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

09.05.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Соғыс ардагерлерінің рухына тағзым еткен жұрт 1 минут үнсіздік жариялады. Аталған рәсімнен соң халық біртіндеп орталық алаңға қарай беттеді.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірқатар деректермен бөлісті.

«ІІ Дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының халқы үлкен батылдық пен төзімділіктің ерекше үлгісін көрсетті. Жылдан-жылға алыстағанымен, Отан қорғаушылардың жасаған ерліктері мәңгілік және ол уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз», — деді өңір басшысы.

Фото: Аслан Қажеке

Сондай-ақ Марат Сұлтанғазиев Кеңес Одағы қарулы күштерінің құрамында 1 миллионнан астам қазақстандық болғанын еске алды.

«Өкінішке орай, ардагерлеріміздің қатары күннен-күнге сиреп, азайып барады. Бүгінгі күні Жеңіс мерекесін облыс бойынша 10 соғыс ардагері ғана қарсы алып отыр. Ұлы Жеңістің арқасында бiздiң аспанымыз ашық болып, тыныштықта бейбiт өмiр сүрiп, алаңсыз еңбек етiп келемiз. Ардагерлерді моральдік қолдауға, әлеуметтік және материалдық көтермелеуге жеке назар аударылып жатыр. Ол үшін биыл бюджеттен 222 млн теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев халықтың міндетін айқындап та берді. Ол – әрбір соғыс ардагеріне қамқор болып, олардың өшпес ерлігіне құрмет көрсету, адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталуын ұрпақтар жадында қастерлеп сақтау.

Бұдан соң орталық алаңда шағын концерттік бағдарлама қойылып, әскери көліктер мен халық шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 4
- +
Тегтер: Алматы облысыжеңіс күніҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz