«2 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Алматы облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілін ұстады», — делінген ведомство хабарламасында.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Алматы облыстық полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.