Бұл шараның мақсаты – тұрғындардың газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету. Алматы облысының аумағында 249 газ құю станциясы (бұдан әрі – ЖҚС) бар.
Қазіргі уақытта елімізде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мәселесі өте өзекті.
Департамент автокөліктерде пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол бермеу туралы жанармай құю станцияларының иелерін хабардар ету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Барлығы 177 хабарлама жіберілді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жан жақты ақпарат беру бойынша белсенді жұмыстар жүргізу де қолға алынды.
Бүгінгі таңда Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін нығайтуға және арттыруға бағытталған газбен жабдықтау жүйесі объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.