«Екпе салу – ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен тұмаудан қорғанудың ең сенімді және тиімді әдісі. Осыған байланысты биыл ресейлік «Гриппол+» вакцинасы сатып алынды. Вакцина құрамында қазіргі таңда кеңінен таралып жатқан өзекті штамдар бар. Бұл вакцинаны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынып отыр. Ол облыс халқының кемінде 15%-ын қамтуға мүмкіндік береді», — деді Асылзат Мұқатаева.
Бөлім басшысының айтуынша, ЖРВИ және тұмауға қарсы кез келген екпе балалардың 6 айлығынан бастап салынады. Жүкті әйелдер бұл екпені 2,3-триместрде алуына болады.
«Вакцина бірінші кезекте ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары маман иелеріне жасалады. Бұл санатқа медициналық қызметкерлер, диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйі мен қарттар үйіндегі қызмет алушылар кіреді», — деді Асылзат Мұқатаева.
Айта кетейік, соңғы деректерге сай Алматы облысында 178 132 адам вакцинацияланды, бұл алдын ала жоспардың 83,67%-н құрайды. Оның ішінде 48812-і бала, 5096-ы жүкті әйелдер.
Облыста ЖРВИ-мен ауырып жатқан 8 180 адам, тұмауға шалдыққан 14 адам тіркелді.