Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында тұмауға қарсы егу басталды

Алматы облысының дәрігерлері жедел респираторлық инфекциялардың жалпы жұқпалы интоксикация белгілерінің көрінісімен сипатталатынын атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

04.10.2023
Аймақ

Симптомдар патологияның түріне және патогенге байланысты ерекшеленеді екен. Бұл мұрынның шырышты қабығының қабынуы, иіс сезудің төмендеуі, түшкіру және мұрыннан су ағу, жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы және әртүрлі дәрежедегі тамақ аурулары.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері — санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы Марат Әделжанұлы Исмаиловтың айтуынша, 1 қазаннан бері облыс бойынша ЖРВИ белгілерімен 5000 астам адам медициналық мекемелерге жүгінген. Аурудың артуы желтоқсаннан қаңтарға дейін байқалуы мүмкін дейді маман.

Ал, вакцинациядан кейін 8-12 күн ішінде қалыптасатын иммунитет 12 айға созылады екен. Айта кету керек, бұл ауру жасөспірімдер арасында кең таралған.

«Қаламызда жылдың осы мезгіліне тән тұмау мен ЖРВИ эпидемиялық маусымы жалғасуда. Ауру қоздырғыштары адамнан адамға ауа тамшылары арқылы беріледі және айтарлықтай жұқпалы болып табылады. Сондықтан медициналық бетперде тағу, жеке гигиенаны, қашықтықты сақтау және т.б. қарапайым қауіпсіздік ережелерін елеусіз қалдырмауға шақырамын. Ауадағы вирустар біздің денемізге мұрынның шырышты қабаты арқылы енетінін бәрі біледі. Егер ол әлсіреген немесе зақымдалған болса, вирустар оңай көбейе бастайды. Иммундық жүйе төтеп бере алмай, қарапайым суық тиюден тамақ ауруы, бронхит және пневмонияға дейін асқынуы мүмкін. Көп адамдар мән бермейтін суық тию жиі ауыр ауруларға апаратын жолдың бастамасы болып табылатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан иммундық жүйені дұрыс нығайту және вирустардан қорғау өте маңызды. Қаламыздың тұрғындары емханамыздың 2-қабаттағы арнайы бөлінген бөлмелерінде үлкен жауапкершілікпен келіп, екпе алатындарына сенімдімін», — дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы.

Алматы облысында жыл соңына дейін 200 мың адамға дейін екпе егіледі деп жоспарлануда. Бұл облыс тұрғындарына инфекциялар мен вирустарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі.

Тегтер: Алматы облысывакцинатұмау

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz