Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымовтың айтуынша, төртінші наурыз 11 сағат 22 минут 02 секундта жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісінің негізгі эпицентрі Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде тіркелген.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта облыс көлемінде жедел штаб күшейтілген түрде жұмыс істеуде. Штаб мүшесінде Азаматтық қорғау басшылары толықтай жұмылдырылған.
Жедел-әрекет жасақтары барлық аудан көлемінде толықтай әзірленген. Алматы облысы ТЖД Алматы құрылымдық бөлімше құрамында 200 ден аса жеке құрам мен 150 техника дайындықта тұр.
Баспасөз мәслихаты барсында ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Ерсін Жағыпаров, «жер сілкінісі кезінде Алматы облысында қираған нысандар мен зардап шеккендер анықталған жоқ», деген мәлімдеме жасады.
“Іс-қимыл алгоритміне сәйкес, халықты хабардар ету жүргізілді, ұялы байланыс операторлары және дәрмен мобильді қосымшасы арқылы SMS-хабарламалар жіберілді”,-дейді Данияр Қасымов.
Сондай-ақ, Алматы облысында жер сілкінісіне байланысты қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсету және қолдау үшін 418 қабылдау пункті ашылды. Бұл пункттер 408 мектеп, 1 балабақша, 2 колледж, 2 лагерь, 2 демалыс базасы және 3 мәдениет үйі сияқты әртүрлі мекемелерде орналасқан.