«Биыл егістік алқабының көлемі 14 812 га құрайды деп жоспарлап отырмыз. Шаруалардан жеңілдетілген дизель алу бойынша өтінімдер қабылдануда», — деді әкім.
Нұрлан Құматаевтың сөзінше, қазіргі таңда 920 га егістікте тамшылап суару технологиясы қолданылады. Оның ішіне 4 жылыжай да кіреді. Биыл аталған технологияны қосымша 278 га жерге енгізу көзделген.
«Бұдан бөлек, 5352 га алқапта су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, арнайы құрылғыларды әзірлейтін «Жібек Жолы», «Акплас», «Мецер.кз», «BNK Group», «SAPA Irrigation» ЖШС-мен келіссөздер жүріп жатыр», — деді шаһар басшысы.
Сондай-ақ ол Шеңгелді ауылының шаруалары «Алтын Орда» базарында пиязды саудалап жатқанын айтты.
«Жуаны экспортқа шығару үшін ірі кәсіпкерлер тартылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасады», — деді Нұрлан Құматаев.
Жалпы биыл көктемгі дала жұмыстарына 338 арнайы техника жұмылдырылмақ.