Бұл Кеген халқының үштен бірін құрайтын аудан жастары үшін үлкен мүмкіндік.
Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратында аудан жастары жұмысқа орналасу, өз кәсібін бастау, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алатын болады.
Жаңа жастар алаңында тегін негізде бизнес-тренингтер, шеберлік сабақтар, кездесулер, көрмелер, үйірмелер және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.