«Полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, 8,39 грамм «мефедрон» есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 келі 162 грамм БК-4, жалпы салмағы 2 келіден асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар, есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді», — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция бөлімінде тіркелді.
Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.