«19 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД қызметкерлері облыс аумағында пәтер ұрлығын жасаған күдікті Тәжікстан Республикасының азаматтарын ұстады. Олар 2000 және 2002 жылы туған азаматтар», — деп жазды ПД бастығы.
Олар 10-ға жуық пәтерге терезе арқылы кіріп, тонаған.
Талғар аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды (ұрлық). Қазіргі уақытта аталған адамдардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
«Ұсталғандар УҰИ-на қамаққа алынды. Деректі тергеу барысы менің бақылауымда», — деді Бауыржан Әленов.