Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда өңірде газдандыру деңгейі 50%-ға жетті, 147 елді мекен газға қосылды. Нәтижесінде 1 млн-нан астам тұрғын (67,3%) газбен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 9 елді мекен көгілдір отынға қосылады.
«Балқаш, Жамбыл, Талғар және Ұйғыр аудандарында елді мекендерінің ауылішілік желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Кеген және Райымбек аудандарына газ беру үшін үшін ұзындығы 227 км болатын «Шелек-Кеген-Нарынқол» газ желісінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Бұл жоба жүзеге асса, 75 мың адам газбен қамтылады», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Жалпы Алматы облысында 2025 жылға қарай газға қосылу деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Оған сәйкес, 189 елді мекенге газ беріліп, 72,9% халық газға қосылады.