Ведомствоның мәліметінше, Балқаш ауданының алты тұрғыны орманға жеңіл көлікпен барып, қайта оралмаған. Жақындары олармен байланыса алмай, дереу құтқару қызметіне хабарласқан.
«Іздестіру жұмыстары кезінде отбасы табылды. Белгілі болғандай, олардың көлігі таулы асуда лайға батып қалып, әрі қарай жүре алмаған», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Құтқарушылар отбасы мүшелерін дін аман қауіпсіз жерге жеткізді. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.