Бұл дегеніміз әрбір адамның жіті тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алуына берілген бірегей мүмкіндік.
Репродуктивті денсаулық апталығы – салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Мұндай науқан кезінде жас буынның денсаулықты сақтауға назарын аударуға басымдық беріледі. Жоғарыда атап өткендей, ерте жүкітіліктің алын алу, жасанды түсікке жол бермеу сынды жайыттар мамандардың ықпалымен жүзеге асырылады.
Талғар ауданының орталық ауруханасының басшысының орынбасары Нүргүл Матжанованың сөзіне сүйенсек, өңірде бойжеткендердің арасында ерте жыныстық жетілу жас жамасы он алты жастан басталады екен. Ауыр дерек болғанымен ақиқаты осы. Өкінішке қарай, облыста ерте жүктілік жағдаяты тіркелген. Бүгінгі күні 15-18 жас аралығында жүкті болғандар саны 127-і құрайды.
Дабыл қағатындай жайытта дәрігерлер құзырлы органдармен және ата-анамен бірлесе отырып жұмыстарын атқарады. Бұл жасанды түсіктің алдын алауға мейілінше нәтиже беретін тәсіл болып табылады.
Маманның айтуынша, соңғы бес жылда ерте жүктілік 31 пайызға төмендесе,жасанды түсік жасату- 28 пайызға азайған.
« Әйелдер арасында жатыр мойыны обыры ерті асқынып тұр. Мұның барлығы ерте жыныстық жетілу, гигена сақтамау сынды қарапайым ережелерді ескермеуден туындайы. Сол себепті, репродуктивті денсаулық апталығында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, адамдардың папиллома вирусының вакцинациясы бойынша ақпарат беріп бастадық. Ұлт саулығы ең басты қазына болуы тиіс. Апталықтыңда негізгі нысаны-салауатты, медициналық сауатты ұлтты қалыптастыру екенін еске саламын»,-деп қорытындылады спикер.