Алматы облысында референдумға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Жауапты органдардың мәліметінше, дауыс беру процесін жеңілдету үшін тұрғындарға өздерін сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеру ұсынылады. Бұл — дауыс беру күні туындауы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алып, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сайлаушылар тізімін тексерудің бірнеше жолы бар
Сайт арқылы
Алматы облысының тұрғындары арнайы онлайн-платформа арқылы өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты біле алады:
— https://sailau.almobl.kz сайтына кіру;
— ЖСН енгізу;
— «Тексеру» батырмасын басу;
— Сайлау учаскесі туралы мәліметпен танысу.
Telegram-бот арқылы
Сонымен қатар ақпаратты Telegram мессенджеріндегі бот арқылы да алуға болады:
— https://t.me/sailau_almobl_bot сілтемесіне өту;
— «Бастау» батырмасын басу;
— ЖСН енгізу;
— Сайлаушылар тізіміндегі мәртебе мен учаске туралы ақпаратты көру.
Call-орталық арқылы
Азаматтар 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да қажетті мәлімет ала алады. Қоңырау шалу тегін, мамандар барлық сұрақтарға жауап береді.
Мамандардың айтуынша, сайлаушылар тізімін алдын ала тексеру бар болғаны бірнеше минут уақыт алады және референдум күні дауыс беру үдерісін барынша жеңілдетеді. Алматы облысының тұрғындарына белсенділік танытып, өз құқықтарын жүзеге асыру ұсынылады.





