Мәселен, 2024 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген құқықбұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32%-ға қысқарған. Оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар 9,7%-ға, ал мас күйінде жасалған заңбұзушылықтар 20%-ға азайған.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген құқықбұзушылықтар саны 32%-ға азайған. Тек бір тоқсан ішінде көшелерде тіркелген қылмыстар саны 9,7%-ға, ал алкогольдік мас күйінде жасалған құқықбұзушылықтар 20%-ға қысқарды.
«Қоғамдық орындардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты бағытымыз. Біз құқықбұзушылықтарға тек жауап беріп қана қоймай, олардың алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылдың маңызы зор. Қабылданған кешенді шаралар көшелік қылмыс деңгейін төмендетуге ғана емес, сонымен қатар халықтың сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – бір күндік нәтиже емес, полицияның барлық бөлімшелерінің күнделікті еңбегінің жемісі», – деп атап өтті ведомство.
Шартты түрде сотталғандармен, сондай-ақ бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен жұмыс жандандырылды. Бұған қоса, қайталанатын және топтық қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде, топпен жасалған қылмыстар саны 9,2%-ға азайды.
Фото: polisia.kz