Бүгін Алматыда «Туған жерге тағзым» аймақтық форумы өтіп жатыр. Шарада Гаухар Бурибаева облыстың инвестициялық жобалары туралы сөз қозғады.
Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту қоры мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірдегі 15,4 мың жобаға 644,5 млрд. теңге қаржы құйды.
Атап айтқанда:
- 2 202 жобаны субсидиялауға 420,3 млрд теңге,
- 2 570 жобаны 81,8 млрд. теңгемен кепілдендіруге,
- 10 606 азаматқа 142,4 млрд. теңге несие бөлді.
«Мәселен біз өңірдегі балмұздақ шығарумен айналысатын «Шин-Лайн», «Dolce» фармацевтикалық компаниясы, «Акнур кабель», «Алатау-кұс», «Eneverse Kunkuat» сияқты ірі компанияларға қолдау көрсеттік», − деді Гаухар Бурибаева.