Премьер-Министр Қонаев қаласында өткен басқосу барысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Бұл бағытта «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жаңа ұлттық жобалары іске асырыла бастады. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін облыста 68 мың орынға арналған 63 мектеп және 38 жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын ашу жоспарланып отыр.
Әлихан Смайылов Алматы облысының әкімдігіне жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп тұрғызу жайлы министрлікке өтінім беру керектігін айтты.
«Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін қосымша 9 мектеп салу қажет. Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты бюджеттен тыс қорымыз бар. Оған 120 млрд теңге түсті. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігіне қаражат бөлуге тиісті өтінім беру керек», — деді Әлихан Смайылов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram