Аталмыш шараға Алматы облысының әр ауданынан құрылған театрлар келді.
Салтанатты шараның ашылуында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы сөз сөйлеп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Іле ауданының «Ақши» халық театры байқауды бастады. Өнер ұжымы С. Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» комедиясын көрерменге ұсынды. Спектакль режиссері — Ж. Түсіпбеков.
Сондай-ақ бүгін 15:00-де Қарасай ауданының «Жастар» театры Б. Беделханның «9 грамм» атты туындысын сахнаға шығарады.
Көрермендер кешке 18:00-де Кеген ауданынан келген «Кеген» халық театрының «Жаралы гүлдер» спектакльін тамашалайды. Авторы С. Жүнісов.
Театрлар байқауының екінші күні Талғар ауданының «Талғар» театры Д. Саламаттың «Қайдасың Фигаро» туындысын қояды. Режиссері — Қ. Жүнісов.
Осы күні сағат 15:00-де Талғар ауданының «Қуыршақ» халық театры Нанай халқының ертегісін ұсынса, 18:00-де Жамбыл ауданының Сүйінбай театры «Анамның ақ көйлегі» спектаклін Ғ. Сайлаубековтың режиссерлығымен сахналайды.
24 қараша 11:00-де Балқаш ауданының «Бақанас» театры Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» пьеасын шығарса, 15:00-де Еңбекшіқазақ ауданының «Қаракемер» балалар театры Қ. Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісін ұсынады.
25 қараша 11:00-де Ұйғыр ауданының «Қарадала» театры Н. Сауданбекұлының «Аманат» спектакльін А. Наймантаевтың режиссерлығымен сахнаға шығарады. Ал 15:00-де көрермен Райымбек ауданының «Хантәңірі» театры сахналайтын «Аққулар ұйықтағанда» қойылымын көреді. Авторы М. Мақатаев, режиссері — А. Наймантаев.
Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде Қонаевтың 110 жылдығына орайластырылған байқау 25 қарашада аяқталады.