Полиция мәліметінше, күдікті азамат аялдама павильонын қасақана бүлдіріп, нәтижесінде әйнек сынған. Оқиға бойынша құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, ер адамды анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Аталған дерекпен «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзу және қала инфрақұрылымын қасақана бүлдіру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.






