30 мамыр күні Алматы — Өскемен тасжолында ата мен әже отырған жеңіл көлік өртенді. Жанып жатқан көлікті сол бағытта келе жатқан патрульдер байқап, өз күштерімен өшіре бастаған.
Олар өрт сөндіргіш құралдың көмегімен жалынды ауыздықтамақ болды. Бірақ оттың лаулап кеткені сонша, қолға түскеннің бәрін қолдануға тура келді.
«Жанынан өтіп бара жатқан құм тиеген жүк көлігінің жүргізушісі көмек көрсетті. Жағдайды көріп, ол бірден тоқтап, өртті толығымен оқшаулауға атсалысты. Көлігі өртеніп кеткен қариялар өздері дін аман», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Өтіп бара жатқан жүргізушілер де шетте қалмай қолдарынан келгенше көмектесті.