Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әскербек Абаев, ардагерлер ұйымының төрағасы Батырхан Мендебаев, Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Мадияр Әмірғалиев, Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Бауыржан Айнабеков, аудан тұрғындары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Келген қонақтар алдымен Қарасай батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Мәдениет үйінде «Сүйінбай» театры батырдың жауынгерлік қырын ашатын қойылым көрсетті.
Шараның соңы мерекелік концертке ұласты.