«Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», — делінеді хабарламада.
Еске салайық, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температура фонының жоғарылауы, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.