«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің жүруі температураның жоғарылауы және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — делінеді ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, бүгін «Қазгидромет» РМК еліміздің бүкіл аумағында қар жауатынын хабарлаған болатын. Кәсіпорынның мәліметіне сәйкес, 9 қаңтарда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында нөсер жауын, қар аралас жаңбыр (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігіндегі таулы аудандарда қалың қар жауады.