Аталған аймаққа жерүсті зерттеуін жүргізетін мамандар барды, деп хабарлады «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі.
Зерттеу нәтижесінде Түрген-Батан автожолының 16-шақырымында қар көшкіні орын алғаны анықталды.
Қар көшкінінің параметрлері:
- ұзындығы — 40 м,
- ені — 6 м,
- биіктігі — 1,8 м,
- көлемі — 432 текше метр.
Көшкін Түрген-Батан жолын жауып қалды. Зардап шеккендер мен зиян келген ғимараттар жоқ. Автожолды тазарту үшін екі бірлік техника мен бес адам жұмылдырылды.