Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Экология министрлігінің мәліметінше, жыртқыштар Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.
Қар барысы – ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың «қар барысы» деп аталуы бекер емес, ол – таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.