Алматы облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесағаш ауылы маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірумен айналысқан деген күдікпен 22 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Тексеру кезінде күдіктіден ерекше иісі бар ұнтақ салынған қара полиэтилен пакет табылды. Кейіннен полиция күдіктінің жалға алған гаражына тінту жүргізіп, 11 бөтелке сұйық күйдегі мефедрон, сондай-ақ прекурсорлар мен ұнтақ заттары бар екі канистр тәркіледі. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттың салмағы 1,7 келіден асатын «альфа-PVP» психотроптық заты екені анықталды.
Күдікті қамауға алынды, тергеу жұмыстары жалғасуда.