ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 13 мамырда болған.
«Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 7 минутқа тоқтап қалған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
«Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды», — делінген хабарламада.