Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында пациенттерге кешенді оңалту қызметі көрсетіліп жатыр

Алматы облысындағы облыстық «Кәусар» оңалту орталығы – қалпына келтіру медицинасы бағытында кешенді қызмет көрсететін көпсалалы заманауи мекеме. Орталықтың биылғы жоспарлары, қолданылып жатқан емдеу тәсілдері мен даму бағыттары туралы мекеме директоры Бағдагүл Салибекова баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Мекеме сырқаттар мен хирургиялық араласулардан кейінгі пациенттерге оңалту емін жүргізеді. Медициналық көмек жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі және өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын азаматтарға, сондай-ақ сүйек пен буын патологияларына операция жасалған науқастарға көрсетіледі. Орталықтың негізгі мақсаты – ағзаның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіріп, пациенттерді әлеуметтік және еңбек қызметіне қайта бейімдеу.

Орталықта емдік дене шынықтыру, физиотерапия, тыныс алу жаттығулары және жалпы нығайтушы процедуралар үйлестірілген кешенді әдіс қолданылады. Әсіресе, Стрельникова әдісі бойынша парадоксты тыныс алу гимнастикасына ерекше назар аударылады. Бұл жаттығулар тыныс алу жиілігін қалыпқа келтіріп, бронхтардың дренаждық қызметін жақсартуға және зат алмасу үдерістерін белсендіруге көмектеседі.

Мекеме заманауи физиотерапиялық жабдықтармен толық жабдықталған. Пациенттерге «Биоптрон» жарық терапиясы, төмен қарқынды магнитотерапия, СВЧ-терапия, дәрілік электрофорез, ультракүлгін сәулемен емдеу, электросон, дарсонвализация және ингаляциялық терапия сияқты қызметтер ұсынылады. Барлық ем шаралары науқастың диагнозы мен клиникалық көрсеткіштеріне сәйкес жеке жоспарланады.

Орталықтағы сұранысқа ие бағыттардың бірі – спелеотерапия. Жасанды тұз шахтасының микроклиматы жағдайында жүргізілетін бұл ем тыныс алу және иммундық жүйеге оң әсерін тигізеді. Балалар мен ересектерге арналған жеке тұз бөлмелері емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қалпына келтіру бағдарламасының негізін емдік дене шынықтыру құрайды. Заманауи жаттығу құрылғылары буындар мен омыртқаның қозғалыс көлемін қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар емдік массаж, парафинотерапия, лимфодренаждық прессотерапия, оттекті коктейльдер мен диетотерапия кешенді түрде қолданылады.

Орталық өз жұмысында қауіпсіздік, тиімділік және кешенділік қағидаттарын басшылыққа алады. Мамандардың айтуынша, басты мақсат – тек симптомдарды жеңілдету емес, пациенттердің өмір сапасын ұзақ мерзімді жақсарту.

Алдағы кезеңде материалдық-техникалық базаны жаңғырту, жаңа оңалту технологияларын енгізу және қызмет түрлерін кеңейту жоспарланып отыр. Орталық басшылығы мекеменің негізгі құндылығы – кәсіби мамандар командасы мен әр пациентке жеке көзқарас екенін атап өтті.

Бүгінде облыстық «Кәусар» оңалту орталығы өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, халық денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосуда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

Казахстанцам продлили срок добровольного возвращения из Южной Кореи до конца февраля

Николай Иващенко
20.02.2026

Какая погода будет в выходные в Алматинской области

Николай Иващенко
20.02.2026

Цех по производству пластика вспыхнул ночью в Алматинской области

Николай Иващенко
20.02.2026

О чем говорил Касым-Жомарт Токаев на заседании Совета мира в Вашингтоне

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz