Жиынның мақсаты мемлекеттік қызметшілерді Алматы облысының дарынды жастары қатарынан жас басқарушылар пулын қалыптастыру туралы хабардар ету. Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.
Шараға Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Арсен Жақыпов және Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшысы, облыстық кадр комиссиясының мүшесі Мейрам Мирзанұлы Мусаев сөз сөйлеп, жастарға шараның маңыздылығын түсіндіріп, қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке шақырды.
2024 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы облысы өңірлік кадрлық резервіне іріктеу басталады. Іріктеуді Алматы облысы Кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.
Айта кетейік, Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке 4 бағыт бойынша 15 адам қабылданатыны айқындалды.