Аталған департамент ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызметтің 4 түрін ұсынады. Мәселен, есепке қою және есептен шығару, қауіпті өндірістік объектіні салуға,реконструкциялауға, жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу істері атқарылады. Сонымен қатар, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатамалар жасау. Емтихан алатын комиссия мүшелерінің білімін тексеруде департаменттің құзыретіне кіреді.
Спикердің айтуынша, былтыр қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға 117 жоба қаралды. Оның ішінде 103 жобаға рұқсат берілді. Ал, техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша департаментке 983 өтініш келіп түссе, 27 өтініш бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге қатысты болған.
Ерлан Қадыров, ҚР Азаматтық қорғау туралы Заңының 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері мен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырып, нәтижесінде сертификаттар берілетінін айтты.
«Облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ»,-дейді Ерлан Қадыров
Еске салайық, қызметтерді алу үшін өтініштерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберуге болады.