Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Қарасай ауданындағы Еңбекші ауылында болғанын хабарлады. Мешітте 50 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетті.
«Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен төрт техникасы жөнелтілді. Ең жақын өрт сөндіру бекетіне дейінгі арақашықтық 22 шақырымды құрады. Жедел шаралардың көмегімен өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, сөндірілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы мен тергеу бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жүр.