Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде орын алатын кемшіліктерді жою және азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.
Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді қолайлы, ашық әрі қолжетімді етуге бағытталған жаңа бақылау шараларынан хабардар болуы тиіс.
Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде қашықтықтан байқау жұмыстарын және келіп түскен арыз-шағымдарға негізделген бақылау шараларын жүргізіп келеді. Анықталған кемшіліктер азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілеріне қатысты болса, мәселе жедел түрде қаралады және тиісті шаралар қабылданады.
Әрбір азаматқа бюрократиялық кедергілерге тап болған жағдайда Департаментке жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік бар. Алматы облысының тұрғындарына олардың құқығы бұзылған жағдайда шағым жасау мүмкіндігі қарастырылғаны жөнінде ескертеміз.