Алматы облысында бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азамат мас күйде трактор айдап екі жылға сотталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Сот шешімі бойынша, айыпталушы 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл оның осыған ұқсас екінші құқық бұзушылығы. Бұған дейін, 2022 жылы, ол дәл осы бап бойынша сотталып, 1 жыл 6 айлық жаза өтеген болатын.
Сот үкімі заңды күшіне енді.