Алматы облысының полициясы мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, сондай-ақ қылмыстың осы түрін жасауға ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында 13-18 ақпан аралығында өңір аумағында «мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.
Шара барысында жүк және жеңіл автокөліктер тексерілетін болады. Сондай-ақ ұрланған мал ұсталуы мүмкін мекенжайлар анықталады.
Алматы облысының полиция қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау үшін тұрғындарға жануарларды қараусыз қалдырмауға, қораларды қоршауға кеңес береді.