«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналдырылған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Осы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.