Алматы облысында ломбардта жұмыс істеген 51 жастағы ер адамды азаптап өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Оқиға Алматы маңындағы Көлащы ауылында болды. Ер адам үйінен кешкісін шығып, содан бері бір апта бойы іздеуде болған. Полиция мәліметінше, күдіктілер марқұмды буындырып, кейін мәйітті көміп тастаған.
9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта қанды қылмыстың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде, деп мәлімдеді Алматы облысы ПД КПБ бастығының міндетін атқарушы Нұржан Кеңесханұлы.