Облыста кооператив түрінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 24 бірлестігі жұмыс істейді.
Заң бойынша олардың міндеті — Үлкен Алматы каналынан шаруа қожалықтарына дейін суару каналдары арқылы су жеткізу. Алайда, іс жүзінде олар коммерциялық құрылымға айналған.
Кооперативтер суару арналарына құқықтары жоқ және табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне кірмей, 1 м3 үшін 70 тиыннан су алып, шаруаларға гектарына 20-28 мың теңгеден берген.
«Мысалы, Қаратұрық ауылдық округіндегі шаруа 60 га жерді маусымдық суару үшін 1,2 млн. теңге жұмсаған. Бұл ретте оның нақты құны шамамен — 200 мың теңгені құрайды. Бұл ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдіктері және бак тарапынан бақылаудың болмауынан туындаған», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов.
Ведомство араласқаннан кейін ғана Қаратұрық ауылдық округінің шаруалары алдағы маусымда 42 млн. теңгеден астам қаражатты үнемдей отырып, тікелей бакқа төлейтін болады. Бакпен тікелей шарт жасасудың ұқсас тетіктері Малыбай және Согеті ауылдық округтерінде пысықталып жатыр.