2023 жылғы 21 маусымда «Мигранттық» ОПМ Қонаев қаласы, Абай көшесінде орналасқан №4 орта мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін заңсыз еңбек қызметімен айналысқан Нигерия Республикасының 9 азаматы және Камерунның 2 азаматын анықтады.
Жүргізілген рейд барысында азаматтардың Африка елінен келгендігі және ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, аумағында жүргендігі анықталды. Сондай-ақ тұру құқығына арналған виза мерзімі аяқталған. Шетелдіктердің ешқайсысы еңбек қызметін жүзеге асыруға қандай да бір рұқсат құжатты көрсете алмады. Осыған байланысты әрбір ұсталған азаматқа қатысты жинақталған материалдар соттың қарауына жіберілді. Тиісінше сот тәртіп бұзушыларға жаза қолдану немесе елден шығару туралы шешім қабылдауы керек.