Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
2025 жылғы 6 ақпанда Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының аумағында өткізілген оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесі органдарының күштері мен құралдарын пайдалануды қамтыды. Барлық қызметтер ауылдың негізгі учаскелеріне бөлініп, онда су тасқынының алдын алу шараларын жүргізудің нақты қажеттілігі бары анық. Бұл учаскелерде Қотырбұлақ өзенін кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында 60 текше метр қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылып,сондай-ақ Қотырбұлақ өзенін 1,5 шақырым ұзындықта кеңейту және тереңдету жұмыстарын жасады.
Оқу-жаттығуға облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, №28237 әскери бөлім, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ, ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері қатысты.