Оның жазуынша, 23 шілдеде Қарасай ауданының ПБ-на 1996 жылғы К. есімді азаматша сауда ойын-сауық орталығында 2019 жылғы қызына дене жарақатын келтірген белгісіз адамға қатысты шара қабылдау туралы арызданған.
«Дерек ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады», — деп жазды Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен УҰИ-на қамаққа алынды. Сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.