Алматы облысындағы «Байсерке Агро» кәсіпорнында қайғылы оқиға орын алды. Конвейерге түсіп кеткен 42 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«3 желтоқсанда «Байсерке Агро» ЖШС-ында болған оқиға салдарынан кәсіпорынның қызметкері көз жұмды. Қазір оқиғаға қатысты материалдар еңбек инспекциясына жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады,» – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Қайғылы оқиға жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселесіне тағы да назар аударуды қажет ететінін көрсетті.