Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында иттердің құлағына арнайы чип тағылады

Алматы облысында ауланған қаңғыбас жануарларды есепке алу үшін құлақтарына чип-сырға тағылады, деп хабарлайды облыстық ветеринария басқармасы. 

11.01.2023
Аймақ

Жыл басынан бері 4 адамды өздері баққан ит жаралаған. Ал өткен жылы ит пен мысықтан 3 542 адам зардап шеккен.

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша 2 381 жануардың иесі заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 млн. теңгеден аса айыппұл салынды.

Бұдан былай қабаған емес, 3-еуден көп топтаспаған және ауру емес қаңғыбас жануарлар есепке алынып, бұрынғы мекендеу орындарына жіберіледі. Ауланған жануарлардың деректерін енгізу мақсатында «TANBA» ақпараттық дерекқоры қолданысқа енгізіліп, есепке алу үшін құлақтарына чип-сырға тағылады.

Қонаев қаласы мен 9 ауданда жыл басынан 152 ит пен 2 мысық ауланып оның 5 иті иелеріне қайтарылды. Өткен жылы 16 522 ит пен 117 мысық ауланды. Ауланған қаңғыбас жануарлар аудандық, қалалық Ветеринариялық станцияларының уақытша ұстауға арналған изоляторларында ұсталады.

2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына  сәйкес, үй жануарларын есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Деректер базасына қаңғыбас жануарлардың ауланған күні, ауланған мекенжайы, жынысы, түсі, шама жасы және уақытша ұстау орнында атқарылған ветеринариялық шаралары туралы ақпараттар енгізіледі.

Өткен жылы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін облыстық бюджеттен 61 млн-нан астам қаражат бөлінсе, биыл 65 млн-ға жуық қаражат бөлінді. Сондай-ақ ит пен мысықты уақытша ұстау орындарындарының құрылысын жүргізуге Қонаев қаласы мен аудандарда 5,3 га жер телімдері бөлінді.

Тегтер: Алматы облысыарнайы чипит

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz